Ғылыми жаңалықтар

Уран өндірісіндегі аурулар қатерін төмендетуге бағытталған электронды база жасалды

21.02.2018

4980

Қазақстан Республикасында уран өнеркәсібінде жұмыскерлердің өндірістік-шартты аурулар қатерін төмендету туралы Астана медицина университетінің профессоры, м.ғ.д. П.К. Қазымбет зерттеу жүргізді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Уран өндірумен айналысатын дозиметрлік бақылаудағы кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшыларға төнетін радиациялық қатерлерге топтық түрде зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша нұсқаулықтар Денсаулық сақтау және радиациялық қауіпсіздік қызметі кәсіпорындарына берілді. Уран өндіруші кәсіпорындардың қызметкерлерін радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің алғышарты әзірленді. Уран өндіретін А тобы қызметкерлеріне арналған «Уран өнеркәсібіндегі қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін медициналық бірыңғай жүйесі» электронды базасы жасалды.
Зерттеу барысында 54 мақала жарық көрген, оның 17-сі шетелдік басылымдарда шыққан. Сонымен қатар 2 монография мен 5 әдістемелік нұсқаулық басылып шыққан және 5 қорғау құжаты (авторлық куәлік).
Зерттеу нәтижелері Степногор орталық қалалық ауруханасы, Ақмола облысы Степногор қалалық емханасы, Созақ аудандық емханасы және ОҚО Созақ ауданы Таукент МСБ, Ақмола және ОҚО денсаулық сақтау басқармаларына енгізілді.
Жоба нәтижесі еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылу және денсаулығына аса зор нұқсан келудің (мүгедектік) алдын алу, төмендету және анықтау, кәсіби еңбек қабілеттілігін ұзарту және адами еңбек ресурстарын сақтауға бағытталады. Жобаның әлеуметтік маңызы зор және уран өндіретін техногенді аймақтарда тұратын тұрғындарды өндіріс салдарынан келетін зиянды факторлардан сақтауға негізделеді және радиациялық қауіпсіздікпен медициналық қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып саналады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар