Ғылыми жаңалықтар

Оn-line ғылыми дөңгелек үстел отырысы өтті

20.02.2018

5204

15 ақпан 2018 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің G-Globаl алаңында ұйымдастыруымен өткен Оn-line ғылыми дөңгелек-үстел отырысына Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіде қатысты.
Аталмыш семинардың мақсаты университеттердің бір-бірімен инновациялық бағыттар бойынша тәжірибе алмасуын және жаңа технологияларды енгізудің жолдарын қарастыру болып табылады.

Алғашқы баяндаманы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Б.Б.Оразбаев жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында Тараз мемлекеттік пеагогикалық университетінің оқытушысы, ф-м.ғ.к. А.В.Тучин баяндама жасады. Баяндаманың тақырыбы «Ақылды жылыжайларды жасаудағы басқару жүйесі»

Оn-line дөңгелек үстелге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Астана қ.), Атырау мұнай және газ институтының (Атырау қ.), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің (Семей қ.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемекеттік университетінің (Шымкент қ.) және Қарағанды индустриялық университетінің (Теміртау қ.) профессор оқытушылар құрамы, магистр-студенттері мен қызметкерлері қатысты.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Дереккөзі: tarmpu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар