Ғылыми жаңалықтар

Графоталдамдық әдіспен карьераларда жарылыс жұмыстарын анықтаудың инновациялық әдісі жасалды

19.02.2018

4087

Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры, т.ғ.д. Б.Р. Рақышев жарылыс кезінде құлаған ұсақ, орташа және ірі уатылған өнімдерді графоталдамдық әдіспен анықтауды ұсынды. Осылайша жарылғыш және жарылып тасталған блоктарды координаттық торда үйлестіруге болады.
Зерттеу барысында карьераларда жарылыс жұмыстарын жетілдіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстары көрсеткіштерін және жарылыстан соң алынатын соңғы нәтижелерді жақсартудың инновациялық әдісі анықталды.
Жоба бойынша 19 ғылыми мақала жарияланған, оның 13-і (5-еуі Scopus базасына енген) шетелдік басылымдарда басылған. Ғылыми-зерттеу және технологиялық жұмыстың нәтижелері ғылыми-өндірістік кәсіпорын «ИНТЕРИН» ЖШС-ға енгізілген.
Бұрғылау-жару жұмыстарын ғылыми негіздеу жарылған жыныстардың кесектілігін қамтамасыз етеді, яғни қираған үйінділерді жинақы етіп орналастыруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бұрғылау жұмыстарының көлемі 20-25%-ға азаюы мүмкін, жарылғыш заттарға кететін салыстырмалы шығын 30-35%ды құрайды. Осыған қарамастан қазу-тиеу және көліктік құрал-жабдықтардың өнімділігі 15-20%-ға артады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар