Ғылыми жаңалықтар

Кермектен иммунитетті нығайтатын дәрілік препарат жасалды

14.02.2018

4293

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Физика-химиялық талдау және зерттеу орталығының профессоры, б.ғ.д. Г.Е.Жүсіпова жер үстіндегі Limonium өсімдігінің L. gmelinii және L. Myrianthum түрлерін зерттеді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында субстанция өндірісінің тәжірибелік-өнеркәсіптік регламенті жасалды және бекітілді. Зерттеу нәтижесінде Томар бояу Кермек шөбінен 1 тәжірибелік-өнеркәсіптік дәрілік субстанция алынды. Жоба бойынша 33 мақала жарық көрсе, оның 19-ы шетелдік басылымдарда жарияланған.
Кермек шөбінің тамырын пайдалана отырып дәрі жасау, бір жағынан, аталмыш дәрілік шикізаттың мәліметтер базасының шикізат көлемін арттырады және қалдықсыз өндіріс құруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, кермек шөбінің тамырын қолдану негізінде ҚР тұрғындарына жаңа, тиімді, токсині жоқ, баламасыз, аллергия және ағзаның жиынтық реакциясын тудырмайтын әрі ағзаның иммундық қабілетін арттыратын дәрілік препараттар жасауға болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар