Ғылыми жаңалықтар

Көмірден газ алатын сынамалы қондырғы жасалды

05.02.2018

5196

Әл-Фараби атындағы Физика-химиялық әдістерді талдау және зерттеу орталығының профессоры, т.ғ.д. М.Қ. Наурызбаев формальдегид синтезі арқылы көмірден газ алу технологиясын жетілдірді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Жасалған технология «Қазфосфат» ЖШС фосфор өндірісінде пеш газы ретінде қолданылды. Бұл ретте пешті газға кедергі келтіретін компоненттерді, әсіресе фосфиндерден тазалау үшін шунгит негізіндегі сіңірілетін каталитикалық материалдар жасалды. Газдан 56,3% метанолдан бөлек өзге де өнімдер, мысалы 37,7% этанол алынатындығы анықталды. Метанолдан формальдегид синтезін алудың сынамалы стенді жасалды. Сынақ кезінде сынамалы қондырғы қолайлы жағдайда нақты спирт қоспасы этанол мен изопропильді спирт метанолмен бірдей оттекпен тотығып, 100%-ға жетіп, төменгі деңгейде сұрыпталуы температураға байланысты екенін көрсетті.
Зерттеу барысында 15 мақала жарық көрсе, оның 10-ы шетелдік басылымдарда жарияланған. Жасалған технология «Қазфосфат» ЖШС фосфор өндірісінде пешті газға қолданылды. «Қазфосфат» ЖШС пешті газды өндірісте мақсатты өнімге айналдыру мақсатында сынамалы технологияны енгізуге қызығушылық танытқан.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар