Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанның техник ғалымдары ЖЭС-ке арналған ГКШ-ның жаңа технологиясын әзірледі

25.01.2018

4499

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымы А.И. Квасов ТЭС-ке арналған автоматтандырылған гидро күлді шығарудың жаңа технологиясын жасап шығарды. ЖЭС-тегі және Қазақстандағы қазандықтарындағы гидравликалық гидро күлді шығару жүйесі көмірмен жұмыс істейді, яғни экономикалық жағынан аса тиімді емес. ГКШ технологиялық үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі ағынсыз режимде жұмыс істейді, су қоймасына үрлемелі судың қайта-қайта және тұрақты түсуін болдырмайды.
Зерттеу нәтижесі Жүйелі зерттеулер мен жобалар институтында, «Айрон-Техник» ААҚ, «Баламалы энергетика зертханасы » ААҚ (француз-қазақстандық біріккен фирма, Алматы қ.), Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтына (Алматы қ.) енгізілді.
Қазақстандағы типтік үлгідегі ЖЭС-ке арналған ГКШ сызбаснұсқасы гидротранспортты қондырғылардың газ және шаң жинау жұмыстарын жетілдіруге, ластанған ағынды суларды қайта пайдалану мен өндірістердегі құрылыс индустриясындағы күл-қоқыс материалдарын қайта пайдаға асыру арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.
Жоба нәтижесі монографияға енгізілді және шетелдік ғылыми журналдарда жарық көрді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар