Ғылыми жаңалықтар

МикроСЭС-тің тәжірибелік үлгісі жасалды

24.01.2018

4785

Ауылшаруашылығы механизациясы және электрфикациясы ҚазҒЗИ профессоры, т.ғ.д. С.А. Кешуов микроСЭС-тің тәжірибелік үлгісін жасады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында асинхронды машинаның қозғалмалы бөлігінің негізінде генератордағы үдерістердің математикалық үлгісі жетілдірілді. Сонымен қатар техникалық талаптары мен құжаттың сызбасы жасалды. Генератордың қозғалуын басқару жүйесін жетілдіру кезінде микроСЭС-тің тиімділігі техникалық-экономикалық тұрғыда негізделді.
Жоба бойынша 16 мақала жарық көрген, оның 7-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған. МикроСЭС-тің тәжірибелік үлгісі Алматы облысы Қарасай ауданы Думан селосындағы «Айлин» жеке кәсіпкерлігінде өндірістік сынақтан өтті.
МикроСЭС электр энергиясын үнемдейді, автоматты режимде жұмыс істейді, пайдалануға тұрақты және қызмет көрсетуге ыңғайлы. МикроСЭС-тің экономикалық тиімділігі 429,9 мың теңгені құрайды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар