Ғылыми жаңалықтар

Қазақстан АҚШ ғарыш саласы бойынша байланысты нығайтпақ

18.01.2018

4087

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына іс-сапары барысында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.
ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті мен АҚШ Ішкі ресурстар департаментінің АҚШ Геологиялық қызметі («USGS») арасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ниеттері туралы хатына қол қойылды.
«USGS» Қазақстанда Іле-Балқаш ауданның су ресурстарының жағдайын бақылау жобасына қатысады. «USGS» қатысуымен LandSat – 7,8 спутниктен Астана қ. жерүсті кешеніне Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерінің қабылдануы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «USGS» Ғарыш және ірі апаттар бойынша Хартия аясында апаттар мен ТЖ бақылау процессіне қатысуда.
Сонымен қатар ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен геоақпараттық жүйелердің сапасы мен өнімділігін арттыратын ақпараттық технологиялардың жетекші әлемдік жеткізушісі «Hexagon Geospatial» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты Жерді қашықтықтан зондау қазақстандық ғарыштық жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған заманауи геокеңістіктік ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдар саласындағы жақтардың ынтымақтастығы болып табылады.
Ал «Ғалам» ЖШС пен спутниктік байланыстың жерүсті инфрақұрылым саласындағы әлем көшбасшысы «iDirect» компаниясының арасында да ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум түрлі мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін, сондай-ақ өзара қызығушылығын тудыратын басқа да өнімдер мен қызметтерін жасау кезіндегі жақтардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекеттілігін көздейді.
Бұдан басқа, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығы «ESRI» компанияның өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында «ESRI» серверлік платформасын Қазақстан Республикасының ғарыштық бақылауында қолдану мүмкіндіктері, сонымен қатар ҚР ЖҚЗ жүйесінің ғарыштық суреттерін жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланды.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркісібі министрлігінің баспасөз қызметі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар