Ғылыми жаңалықтар

Көмірден газ алу технологиясы жасалды

17.01.2018

4164

Көмір химиясы және технологиясы институты ғалымдары Қазақстанда тәулігіне 5 тонна өнімділік беретін көмірді газдандыру қондырғысын жасады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. Жоба жетекшісі х.ғ.д. Б.Т. Ермағамбет.
Зерттеу барысында калориясы жоғары газ ганераторын алу үшін Қазақстанда өнімділігі тәулігіне 5 тоннаны құрайтын көмірді газдандыру қондырғысының тәжірибелік үлгісі жасалды. Бұл дегеніміз 300 кВт/с электр энергиясын өндіруге болады деген сөз.
Жоба туралы 22 мақала жарық көрген, оның 11-і шетелдік басылымдарда жарияланған. Қазақстан Республикасы бойынша 4 патент иеленген.
Зерттеу нәтижесінде газ синтезінен сағатына 300 кВТ электр энергиясын өндіру бойынша блок-модульдік қондырғыны автоматтандыру жұмысы аяқталды. Жобаның экономикалық тиімділігі үдерістің жылдамдығы және технологияның әмбебаптығымен ерекшеленеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар