Ғылыми жаңалықтар

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗИ ғалымдары MATWEEN жаңа химиялық жүйесін ойлап тапты

12.01.2018

3836

Мұнай өндіру және мұнай тасымалы саласында химиялық жүйені құрудың ғылыми негіздері пайда болды деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗИ-дің профессоры, т.ғ.д. Г.И. Бойко. Құрылымға өндірістік оттек қышқылы және құрамында азоты бар қоспаны біріге отырып енгізудің жолдары мен әдістері жетілдірілді, бұл өз кезегінде құрамында тұз эмульсиясы бар ерімейтін металдарды суда еритін пішінін өзгертіп, дайын өнім түріндегі өте таза мұнай алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында 2 полимерлік реагент түрі әзірленді. Бір стадиялық каталитикалық этерификация тәсілі арқылы SMATWEEN жаңа ионогенді емес беткі-белсенді зат алынды. Құрамы әр түрлі мұнайдан жинақталған тұрақты сулы-мұнай эмульсиясын бұзу арқылы жаңа композициялық КНТУ-14 деэмульгаторы алынды.
Құмкөл, Өзен, Ботахан және Шығыс мақат мұнай кен орындарындағы көмірсутек құрамын зерттеу арқылы аталған мұнай кен орындарындағы қолайсыз температура аралығын анықтау әдісі қолданылды.
Жоба бойынша 17 мақала жарық көрген, оның 11-і шетелдік басылымдарда жарияланған және ҚР 6 Патентін иеленген. Зерттеу нәтижесінде MATWEEN химиялық жүйесі Оңтүстік-Торғай және Құмкөл-Ақшабұлақ мұнай кен орындарында сынақтан өткізілді.
Жобаның тәжірибелік маңыздылығы өте жоғары, шетелдің өнімдерінен бас тартамыз, мұнай саласының жұмысы көтеріледі, белсенді қоспалар синтезі мақсатты түрде реагенттер шығынын азайтады, табиғаты әр түрлі химиялық жүйені таңдауда жоғары аддитивті эффектті табуға мүмкіндік береді. Өндірісте қалдықсыз технологияны қолдану негізінде деэмульгаторларды өндіру, сонымен қатар полиолефиндердің техногендік қалдықтарын қайта өңдеу нәтижелеріне қол жеткізуге болады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар