Ғылыми жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесі атап өтілді

14.12.2017

3724

«ҰМҒТСО» АҚ-да 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара болып өтті. Ұжым мүшелері түгелдей қатысқан басқосу Орталықтың Президенті Ә.Ж. Ибраевтың құттықтау сөзімен басталды. Өз кезегінде Ә. Ибраев «ҰМҒТСО» АҚ-ның еңбек пен кәсібилікті серік еткен ұжымына алғыс айтты. Нарықтық кезеңнің өзгешеліктеріне қарамастан, кездескен қиындықтарды бірге жеңіп келе жатқан әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі.

Тәуелсіздік күні – Қазақстан халқының ең маңызды әрі басты мерекесі. Бүгінде демократиялық дамуға бет алған егемен еліміздің халықаралық аренадағы беделі де жоғарылап келеді. Саяси тұрақтылық, бейбітшілік пен тыныштық, достық пен әртүрлі этностардың бір шаңырақ астында татулықта бақытты ғұмыр кешуі – Тәуелсіздік жолындағы күрестің нәтижесі. Жыл өткен сайын Қазақстан халқы өзін ересек, табанды, төзімді көрсете бастайды. Өйткені бүгінде қазақ халқы өз ата-дәстүрін берік ұстанған, тілі мен дінін сыйлаған елге айналды. Тәуелсіздікті нығайтуға әрбір азамат күш салған жағдайда, еліміз өркендеп, дамыған елдер қатарынан көріне бермек.

Шара барысында «ҰМҒТСО» АҚ-ның ардагер ғалымдары А.Қ. Жанғазы ҚР БҒМ Алғыс хатымен және Ж.Ә. Қарабаев ҚР БҒМ Алғыс хатымен, «Еңбек ері» медалімен марапатталады. Сонымен қатар ғылыми қызметкер С.А. Ли, Құқықтық және кадрлық жұмыстар департаментінің директоры Қ.Идрисов, ҰҒК жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Т. Гаухар Қазақстандық сарапшылармен жұмыс бөлімінің бас маманы А. Бестембева ҚР БҒМ Алғыс хатымен марапатталды.

«ҰМҒТСО» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар