Ғылыми жаңалықтар

«ҰМҒТСО» АҚ Тәуелсіздік күнін атап өтпек

13.12.2017

4302

14 желтоқсан күні «ҰМҒТСО» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған арнайы басқосу өткізеді. Іс-шара «ҰМҒТСО» АҚ Президенті Ә.Ж. Ибраевтың кіріспе сөзімен басталады. Осыдан соң Қоғаммен байланыс және баспа департаментінің директоры М.М.Пернеқұлов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – еліміздің басты мемлекеттік мерекесі» тақырыбында, ал Құқықтық және кадрлық жұмыстар департаментінің басшысы Қ.Г.Идрисов «Қазіргі Қазақстанның Конституциялық және құқықтық аспектілері» деген тақырыпта баяндама жасады.
Іс-шара барысында Орталықтың ардагер ғылыми қызметкерлері А.Қ.Жанғазы ҚР БҒМ Алғыс хатымен және Ж.Ә.Қарабаев ҚР БҒМ Алғыс хатымен, «Еңбек ері» медалімен марапатталады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар