Ғылыми жаңалықтар

Астанада «Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» халықаралық форумы өтеді

26.06.2017

4631

«Астана ЭКСПО-2017 Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі аясында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» халықаралық форумы өтеді.
Іс-шара барысында ғылым мен бизнестің ынтымақтасып – баламалы қуат көзін өндіру, «жасыл» технология мен инновацияларды дамыту мәселелер кеңінен талқыланады.
Форум алаңында сарапшылар пікір алмасып, ғылым мен бизнес өкілдері іс-тәжірибе алмасады. «Жасыл» технологияны дамыту, Қазақстанда балабалы қуат көзін өндірудің келешегіне қатысты үздік таныстырылымдар жұртшылық назарына ұсынылып, ғылым мен бизнес арасындағы өзекті мәселелер ашық талқыға түседі деп күтілуде.
Айтулы шараға Қазақстан мен шетелдің ғылым-білім, саяси-экономикалық және бизнес құрылымдардың беделді өкілдері қатысады.

Іс-шараның өтетін күні мен орыны: 30 маусым, 2017 жыл, сағат 10:00 (Астана уақыты бойынша), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.
Форум жұмысына қатысушылар + 7 (727) 378 05 78 телефонымен 3780544@bk.ru поштасы арқылы тіркелуіне болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар