Ғылыми жаңалықтар

ҚазҰАУ ғалымдары ресурсүнемдеу технологиясын қолданып, аусыпалы егіс жағдайында рапстан мол өнім алудың жолын ойлап тапты

26.05.2017

5033

Қазақ Ұлттық агарлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Н.Ш. Сүлейменов бастаған ғалымдары Қазақстанның оңтүстік шығысы аумағындағы тау бөктерінде ресурс үнемдеу технологиясы бойынша рапс өсірудің рационалды жүйесін ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Қоғаммен байланыс бөлімі.
Ғылыми зерттеу жұмысы барысында ізденуші-ғалымдар аймақтағы топырақтың минималды қабатын өңдеп, рапс дақылын өсіретін алқаптардағы топырақтың құрамын байыту және топырақ құнарлылығын арттыру бағытта жұмыс істеген. Мамандардың айтуынша, зерттеу әдістері танаптық тәжірибе және эксперименталды зерттеулер мен бақылау тәсілдері классикалық тәсілдерге сүйеніп жүрігізілген.
Осылайша ҚазҰАУ ғалымдары қысқа уақыт аралығында еліміздің оңтсүтік шығыс аймағындағы тау бөктерлерінде ауыспалы егіс, яғни, қысқа мерзім аралығында рапстан тиімді өнім алудың тың жолын дайындады. Зерттеу барысында рационалды ресурсүнемдеу технологиясы бойынша ізденуші-ғалымдар рапс егетін алқаптардағы топырақ қабатын минималды өңдеудің мөлшерін және рапсты себу мерзімінің дәл анықтағанын айта кетуіміз керек.


Бұл бағытта жұмыстарды мәні мен мазмұны көпшілікке түсінікті болуы үшін қарапайым тілмен айтсақ, ғалымдар Mini-till технологиясына сүйеніп, топырақтың жыртылатын күлгін қабатының құнарлылығын сақтай отырып, топырақ тығыздығын 1,21-1,23 г/см3 деңгейінде сақтауды ұсынады. Бұл дәстүрлі технологияға қарағанда топырақ қабатын минималды деңгейде өңдеп, топырақ ресурсының потенциалды, құнарлы қабатын жоғарлатуға кеңінен жол ашатынын ізденушілер ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Сол сияқты ресурсүнемдеу технологиясы ауыспалы егістің биологиялық функциясы мен фитосанитарлық жағдайының күрт өсуіне ықпал еткенін айтуға тиіспіз. Әдетте топырақты 16-18 см тереңдікке өңдегенде ресурсүнемдеу технологиясы бойынша арамшөптермен күрестің тиімділігі жүгеріден кейін 57,8%-ды, күздік бидайдан соң 57,8%-ды құрайтын-ды. Ал топырақты 12-14 см тереңдікке сыдыра жартқанда арамшөппен күрестің тиімділігі жүгеріден кейін – 52,7%-ға, күздік бидайдан кейін 64,4%-ға жоғарлаған.


Арамшөптермен күресуде дақылдардың орнын алмастыруының тиімділігі топырақ ресурстарын топырақ құнарлығының жақсы агрофизикалық факторларын тиісті деңгейде ұстауына, агроэкожүйенің суына, қоректік заттарды рационалды пайдалануға тікелей әсер ететінін айта кетуіміз керек.
Ғалымдар рапстың өнімділігін арттыру үшін шаруалар топырақты минималды өңдеу технологиясын сақтауды және экологиялық қауіпсіз гербицидті импульстің мөлшері әр гектарына 0,7 л мөлшерінде болуы керектігін ескеретіді. Осы аталған талаптарды сақталғанда рапстың фитосанитарлық жағдайы жақсарып, оның өнімділігі әр гектарына 18,4-20,4 центнерге дейін жоғарлайтынын ҚазҰАУ ғалымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар