Ғылыми жаңалықтар

Қазақ ғалымдары отқа төзімді фольга ойлап тапты

04.01.2017

4564

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ қарасты «Жер туралы ғылым, металлургия және өңдеу орталығы» АҚ ғалымдары қоспалы-диффузиялық вольфрам, молибден, цирконий және алюминий негізінде ниобий мен танталдан жаңа диффузиялық фольга ойлап тапты деп, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми жобаға «Жер туралы ғылым, металлургия және өңдеу орталығы» АҚ вице-президенті, техника ғылымдарының кандидаты А.В.Паничкин жетекшілік жасағаныны айта кетуіміз керек.
Балқуы қиын ниобий мен танталдан жасалған фольга іс барысында өзінің коррозия мен жоғары температураға төзімділігімен ерекшеленген. Мамандар Жер туралы ғылым, металлургия және өңдеу орталығы ғалымдары дайындаған жаңа фольга мұнай өңдеу зауыттарында, металлургия, химия өнеркәсібінде, кокс өндіруде кеңінен пайдалануға болатынын алға тартуда.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар