Ғылыми жаңалықтар

Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары медициналық жабдықтарды кешенді зарарсыздандыратын құрылғы ойлап тапты

06.12.2016

5162

Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары медициналық өнімдер мен дәрілік препараттарды кешенді түрде зарарсыздандыратын құрылғы ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Тың жобаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры К.Б. Тілебаев жетекшілік жасағаныны айта кетуіміз керек. Ғалым медициналық жабдықтарды зарарсыздандыру үшін электронды және гамма пушкаларды, СВЧ сәулелерін, озандау, вакум мен төменгі температураны пайдаланған.
Ғылыми жұмыстың басты «ноу-хауы» полимерден жасалған медициналық жабдықтарды арнайы пушкамен (электронды, гамма-квантты, магнитті өріс, озон мен азот оксидін пайдаланып) кешенді зарарсыздандыратынымен ерекшеленеді.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар