Ғылыми жаңалықтар

Обыр ауруы несеп талдауы арқылы анықталады

16.06.2016

4479

Обыр ауруы несеп талдауы арқылы анықталады Жапонияда алғаш рет обырдың кейбір түрлерін несеп талдауы бойынша диагностикалау әдістемесі жасалды. Бірлескен зерттеуді Hitachi және Sumitomo компаниялары жүргізді, деп жазады ТАСС.
Зерттеу барысында несептің құрамында бар 1300 заттың ішінде 10-ы бөлініп алынды. Аталған заттарды салыстыру талдауларының негізінде науқас және дені сау адамдардан кеуде және тоқ ішек обырын анықтауға болады.
Жапондық ғалымдар осындай диагностиканың қан талдаулары немесе рентгенге қарағанда пациенттердің өздері үшін жеңіл екенін атап өтті.

Дереккөзі: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар