КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ғылыми жаңалықтар
16.06.2016  Еуроодақ еуразиялық одақпен әріптестік орнатуға мүдделі ме?

«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубында бас қосқан сарапшылар «Еуразия және Еуропа: әріптестік болашағы қандай?» деген тақырыпты талқыға салды.
Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пікірінше Еуразиялық және Еуропалық одақтың бірігіп жұмыс жасайтын мүмкіндігі мол. «Биылғы жылдың күзінде екі Одақтың біріккен форумы өтуі тиіс. Осы форумда әріптестік мәселесі кеңінен талқыланады деп ойлаймын» дейді бұл ретте Полетаев.
Ал саясаттанушы Андрей Чеботаревтың айтуынша Еуразиялық және Еуропалық одақтың тиімді жұмыс істеуі үшін Ресей Минскі келісімшарттарын орындауы қажет. «Еуроодақ Мәскеуге дәл осындай талап қойып отыр. Бұл арада Еуроодақ өз мүддесін көздеп отыр» деді ол.
Журналист Владислав Юрицынның пікірінше, Еуроодақ Еуразиялық одаққа әріптес емес, бәсекелес. Сондықтан әріптестік мәселесі көтерілгенде экономикалық мүддені ұмытпау керек. Ал журналист Сергей Козлов болса: «Еуропалықтар, оның ішінде Батыс журналистері, сарапшылар, саясаттанушылар Еуразиялық одақты экономикалық одақ ретінде қарастырмайды. Олар бұл одақты Ресейдің жобасы деп санайды және осы одаққа біріккен өзге мемлекеттердің Мәскеудің айтқанымен жүреді деп есептейді» деген пікір білдірді.
Отырысты түйіндеген тарихшы Болат Сұлтанов өз кезегінде: «Екі Одақтың бірігіп жұмыс істеуі орындалмас арман. Себебі, Батыс ешқашан да Ресейді құшақ жая қарсы алмайды. Батыс әлемі Ресейді өз өркениетіне қабылдағысы келмейді» деген пікір білдірді.

1467
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019