Ғылыми жаңалықтар

ҚСЗИ Пенсильвания университетінің «2020 жылы COVID-19-қа үздік саяси және институционалды жауап» номинациясы бойынша ең үздік тізімге кірді және кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік аналитикалық орталық деп танылды

01.02.2021

3548

2021 жылы 28 қаңтарда Пенсильвания Университетінің әлемдегі ғылыми-сараптамалық орталықтарының «Global Go To Think Tank Index Report» жыл сайынғы рейтингі ұсынылды, ол «ақыл-ой орталықтарының» ең беделді әлемдік рейтингі болып саналады. Рейтинг Профессор Джеймс МакГанның жетекшілігімен «Ақыл-ой орталықтары және азаматтық қоғам» бағдарламасы шеңберінде жасалады ол құрылғаннан бергі 15-ші рейтинг болды.

2020 жылы Пенсильвания университеті әлемдегі 11 175 ақыл-ой орталығының қызметін талдады, оның ішінде 43 орталық Қазақстаннан болды.

Жалпы, рейтинг бағаланатын орталықтар, сондай-ақ экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңға жуық мамандар, саясаткерлер мен журналистерге жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде құрылады. Рейтингті қалыптастырудың соңғы кезеңіне беделді сарапшылар тобы қатысады, олардың пікірі негізінде қорытынды рейтинг шығарылады. Рейтингті қалыптастыру үшін ақыл-ой орталықтарын ғылыми-талдамалық жұмыстың сапасы мен беделіне, функционалдық және ұйымдастырушылық бағытына, конференциялар, брифингтер және ресми кездесулер өткізетін орталықтың танымалдығына, сондай-ақ ерекше жүлделер туралы мәліметтерге негізделген құрылмдайтын 30-дан астам түрлі критерийлер қолданылады.

https://repository.upenn.edu/think_tanks/18/?fbclid=IwAR3G3ObSQ9VErbO1Llf6ltTOVMV4y4F_-q5QVMmZNQfaOY4S-7tMNRx8TEA

2020 жылдың қортындысы бойыша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік сараптама орталығы болып танылды.

«Орталық Азиядағы жетекші ақыл-ой орталықтары» номинациясына 10 қазақстандық ақыл-ой орталығы кірді. 2020 жылы «Global Go To Think Tank Index» есебінде ұсынылған барлық қазақстандық сараптама орталықтары өз позицияларын жақсартты: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты (6 орын), Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Орталық Азияның әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы (16 орын), Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы (25 орын), ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты (37 орын), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (39 орын), Әлемдік экономика және саясат институты (41 орын), «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы (44 орын).

«Энергетикалық және ресурстық саясат бойынша жетекші ақыл-ой орталықтары» номинациясы бойынша ҚСЗИ 31-орынға ие болды (барлығы ұсынылған - 60 орталық), «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы жетекші ақыл-ой орталықтары» рейтингінде ҚСЗИ 97-орынды сақтап қалды (ұсынылған барлығы - 110 орталық).

30 01 2021 2

2020 рейтингінің жаңалығы - бұл COVID-19-тың ақыл-ой орталықтарының қызметіне әсері және олардың әлемдік пандемияға реакциясы. Бұл жаңа номинация «2020 жылы COVID-19-ке қатысты үздік саясат және институционалды жауап». көрініс тапты: Сарапшылар бұл номинацияға әлемнің түкпір-түкпірінен 83 аналитикалық орталықты қосты, олардың арасында ҚСЗИ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен кірген жалғыз құрылым болды.

30 01 2021 4

Дереккөзі: http://kisi.kz/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар