Ғылыми жаңалықтар

Кезекті ғылыми-әдістемелік семинар өтті

17.01.2020

3309

Ағымдағы жылы қаңтар айының 15-і күні Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының кезекті ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Семинарда кафедра доценті міндетін атқарушы, филология ғылымының докторы Ыспандияр Ақайұлы «Қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі қарым-қатынас әдебі» (Этика взаимоотношений в казахском-русском-английском язках) атты тақырыпта баяндама жасады.
Елімізде көп жылдан бері ұстанып келе жатқан «Үш тіл – үш тұғырың» атты саясат, оны ғылыми-әдістемелік негіздеу мақсатында дайындалған бұл баяндамада Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тілі болып табылатын ағылшын, орыс тілдері мен қазақ тілдері функционалдық мүмкіндіктері тұрғысынан салыстырыла қаралды және салыстыру нысаны ретінде үш тілдің қаратпа сөз, қаратпа аттары алынды.
Сондай-ақ баяндама барсында қазақ, орыс тілдеріндегі «қаратпа сөз», «слова обращения» түсініктері өткен ғасырдың 20-жылдарындағы деңгейінде қалып қойғаны, ал шын мәнінде «қаратпа сөз» тыңдаушыны (адресатты) өзіңе қарату, кімге сөйлеп тұрғанды көрсету үшін ғана емес, сөйлесушімен арадағы қарым-қатынасты жақсарту, оған жылылық беру, өзара сыйластықты арттыру, оны құрметтейтіндікті көрсету үшін де жұмсалатыны туралы жаңа мәлімет келтірілді.
Нәтежесінде, аталған үш тілдің кез келген адамға түсінікті қарапайым сөздерін салыстыру арқылы-ақ қазақ тілі қаратпа аттарының дәлдігі, нақтылығы және ерекшелігі бірнеше мысалдармен дәлелденіп көрсетілді. Қазақ тілінде бұл реттегі қызметі ағылшын, орыс тілдерінен әлдеқайда артық екені дәлелденді.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар