Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандағы телемедицина: медициналық қызметтерді ақылды жеткізу

25.02.2019

4597

Қазақстан – құрлық іші елдерінің арасында территориясы 3 млн шаршы шақырымға дейінгі аумақты алып жатқан, мұхитқа шыға алмайтын ең үлкен мемлекет. Мұндай аумақта халықтың басым көпшілігі елдегі негізгі медициналық орталықтардан алыстағы елді мекендерде тұрады.

Осыны есепке ала отырып Қазақстан елді мекендердегі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету үшін жаңа технологияларға инвестиция сала бастады. 2004 жылы негізі қаланған телемедицина желісі еліміздің шалғай түкпіріндегі тұрғындардың мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді етуге көмектеседі, мамандандырылған бағыттар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер телеконсультациялар жүргізеді.

Реаниматолог-дәрігердің сөзінше, «ендігі жерде Қазақстанда кез келген маманмен кез келген уақытта байланысқа шығып – көптеген адамдардың өмірін құтқара аламыз».

Телемедицина желісі Денсаулық сақтау министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының бір бөлігі болып саналады. Үкімет аталмыш бағытты әрі қарай да дамытып, «ақылды медициналық қызметтерді», емдеу, алдын алу және ауруды емдеу, жалпы сандық денсаулықты көбейтуге ниетті.

ДДҰ Еуропалық өңірінің көптеген елдері секілді, Қазақстан да жұқпайтын аурулардың көбеюі мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл дегеніміз, желі бойынша жеткізілген алыстағы сеанстардың елеулі мөлшері созылмалы жағдайды басқаруды қолдауға арналған дегенді білдіреді.

2016 жылы 15 облыстық аурухананың, Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасының және 14 мемлекеттік клиниканың мамандары 28 000-нан астам телемедицина және видео-кеңес беру жұмыстарын жүргізген. Оның 26 000-нан астамын облыстық ауруханалар және 2000-ға жуығын мемлекеттік клиникалар өткізген. Жұқпалы емес ауруларға тойтарыс беру мақсатында кардиология, пульманология және неврология бойынша теле-кеңес беру жұмыстары жиі жүргізілді.

Дереккөзі: euro.who.int

«« | »»
Соңғы жаңалықтар