Ғылыми жаңалықтар

Өсімдіктердің нуклеотидті реттіліктілігі анықталды.

01.08.2018

5122

«Қазақстан Республикасындағы шаруашылыққа қажетті, сирек кездесетін және эндемикалық өсімдік түрлерінің генетикалық сақталуы мен көптүрлілігін зерттеу» (Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институты) ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша екінші жылғы зерттеу барысында:
- Қазақстан Республикасындағы 9 Мемлекеттік табиғи қорық пен 6 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардағы Солтүстік, Шығыс, Орталық, батыс және Оңтүстік-шығыс пен Оңтүстік Қазақстандағы 502 эндемиикалық, сирек, жоғалып бара жатқан және шаруашылыққа қажетті жабайы өсетін флора түрлерінен 841 түр жиналды. Әрбір популяция 10 жеке өсімдік ДНҚ үлгісімен ұсынылды, барлығы 8410 ДНҚ үлгісі (841х10) бөлінді. Бөлінген және тазартылған үлгілер Қазақстанның ДНҚ-банкісін толықтырды, ядролық және хлоропластты геном маркерлерін қолдану арқылы ДНҚ-генотиптеу үшін пайдаланылды;
- өсімдіктердің нуклеотидті реттілігіне жасалған сараптама нәтижесінде өсімдіктерді топтастыруда отбасы ішілік, тектік ішілік, түр ішілік генетикалық әртүрлілік деңгейі зерттелді. Өсімдіктердің нуклеотидті реттілігі филогенетикалық ағаш жасау және Таджим бойынша генетикалық әртүрлілік индексін есептеуде қолданылды. Филогенетикалық сараптама негізінде молекулалық жіктеу бойынша өсімдіктердің зерттелген түрлеріне тұжырым жасалды және жеке түр, тек және отбасы бойынша зерттеулер негізінде түрдің пайда болуы үдерісінің болжамы ұсынылды.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар