Ғылыми жаңалықтар

Мұнайды тотықтандыратын микроағзалардың штаммасы алынды

13.04.2018

4673

Микробиология және вирусология институты ғалымы, б.ғ.к. Э.Р. Файзулина штаммалар мен гуминді заттар коллекцияланған Ақтау теңіз порты маңынан алынған теңіз суынан сынама алды. Каспий маңы аймағында кен орындарында мұнайды тиімді пайдаға асыру үшін ластанған су мен су түбіндегі шөгінділер бөлініп алынды және бактериялардың белсенді штаммалары іріктелді. Іріктелген штаммалардың мұнайды тотықтырғыштық белсенділігі және олардың негізінде құрылған ассоциациялар зерттелді.
Зерттеу аясында мұнайдың ластану деңгейі 50,2-89% көрсетті. Функционалдық және полимерлі туындылардың гуминді қышқылдарының синтезі жүзеге асырылды. Олардың қышқылды-негіздік және сіңіргіштік көрсеткіштері, беткі-белсенді қасиеттері зерттелді. Сіңіргіштік қасиеті әлдеқайда жоғары ағаш көмір мен қамыс екендігі дәлелденді. Сорбенттерге мұнайды тотықтандыратын микроағзалар жасушасын шашырату процесі жүргізілді. Қамыс пен ағаш көмірдің жасушаларын шашырату белсенділігінің бұзылуы 80,1-8,79% және 79,3-83,4%. Сонымен қатар натрий гуматының, аминогуминді және сульфогуминді қышқылдардың мұнайды тотықтандыратын микроағзалар штаммасына әсері зерттелді және олардың бірлесе енгізу кезінде мұнайдың бұзылу деңгейі анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша ынталандырушы нәтижені натрий гуматы беретіндігі белгілі болды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 7 мақала жарық көрді, оның 5-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған және қорғалған құжат (ҚР Патенті) саны – 4.
Каспий теңізінің қазақстандық қайраңы жағалауындағы жерден және тереңдегі шөгінділері мен теңіз суынан бөлінген мұнайды тотықтандыратын микроағзалардың жаңа әрі болашағы бар аборигенді штаммасын қолдану – ғылыми жұмыстың маңызы мен тәжірибелік құндылығын көрсетеді. Осының негізінде теңіз айдынының қалпына келуі және биоремедиация үшін микроағзалар ассоциациясы жасалды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар