Ғылыми жаңалықтар

Жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сорты өсірілді

11.04.2018

5324

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы, б.ғ.к. А.К.Тұрғанбаева биотехнология және дәстүрлі сұрыптау тәсілдерімен далалық Қазақстан жағдайында шөлге төзімді жаздық жұмсақ бидай сортын алу әдісін ұсынды.
2013-2015 жылдар аралығында байқау бойынша тұқымды сынақтан өткізуге болашағы бар линия 55/03 с 2 % маннит № 10, 475/94-1с 0,3 % NaCl№ 9-4-2 және 18/05с 0,3NaCl№ 4-8 бөлінді. Тұқымды экологиялық сынақтан өткізу нәтижесі бойынша Орталық Қазақстанда 475/94-1с 0,3%NaCl№ 9-4-2 линиясы іріктеліп алынды.
475/94-1 с 0,3% NaCl №9-4-2 линиясымен қоса бидайдың әлдеқайда бағалы линиясының молекулалық-генетикалық төлқұжаты жасалды.
Жоба қорытындысы бойынша 3 мақала жарық көрді, оның 2-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған.
А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында 475/94-1с 0,3% NaCl№9-4-2 линиясын өндірістік сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша бидайдың генетикалық төлқұжаты жаңа сұрыптардың сипаттамасын кеңейтеді және олардың авторларының құқығын қорғайды. Абиотикалық стресстерге тұрақты жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сорты сапасы жоғары бидай өндірісін экономикалық тұрғыдан тиімді етеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар