Ғылыми жаңалықтар

Өсімдік шикізатынан фармакологиялық белсенді заттар алу технологиясы жасалды

27.02.2018

4558

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі профессоры, фарм.ғ.д. С.А. Ивасенко орташа хартолепистің этилацетатты сығындысынан фармакологиялық белсенді заттарды тазалау және бөліп алудың жаңа тәсілдерін әзірледі деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында заманауи ортадан тепкіш хроматографияны бөліп алу, тазалау сынды өсімдік шикізатынан фармакологиялық белсенді заттарды алып, оны өндіріске енгізудің жаңа технологиясы жасалды. Тиімділігі жоғары сұйық хроматография еңбек өнімділігін арттырады, бағасы қымбат органикалық еріткіштерге кететін шығынды азайтады.
Жоба бойынша 8 мақала жарық көрген, оның 5-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған.
Зерттеу нәтижесі «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-ға өндіріске енгізілген, орташа хартолепистің этилацетатты сығындысынан фармакологиялық белсенді заттарды, кәдімгі адыраспан, терек бүршіктерінен бальзамды алу тәжірибеге енгізілді.
Зерттеу нәтижесінде тәжірибелік маңызы зор, өйткені өсімдік шикізатынан фармакологиялық белсенді заттарды бөліп алу және тазалау экономикалық және экологиялық қауіпсіз технология ретінде фитохимия саласының өзекті әрі басым міндетінің бірі саналады. Ортадан тепкіш күш әсерінен хроматографияны бөлу табиғи қоспаларды тазалау құралы ретінде және әлемнің жетекші университеттерінде өсімдік сығындысын бөліп алуда өте кеңінен қолданылады, бірақ Қазақстанда осы жоба барысында ғана енгізіліп жатыр. Осы әдіс негізінде ортадан тепкіш күш әсерінен хроматографияны бөліп алуды қолдану арқылы орташа хартолепистің этилацетатты сығындысынан фармакологиялық белсенді заттарды (гроссгемин және цинаропикрин) бөліп алудың жаңа әдісі пайда болды. Технологияның нәтижесінде еңбек шығыны 2 есе азайған, осының әсерінен мақсатты заттар – гроссгемин мен цинаропикриннің өзіндік құны 3 есе төмендеген.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар