Ғылыми жаңалықтар

Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

12.06.2017

5289

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста Мемлекеттік хатшы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ЖаҺандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес инновациялық қызметтің нәтижелері өндіріске ендірілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл шарт - әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ізденудің негізгі талаптарының бірі болып табылады.
Мемлект басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада атап көрсеткендей ашық болу және ең озық жетістіктерді қабылдай білуіміз қажет.


Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.
2017 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алу үшін барлығы 24 жұмыс түсті. Отырыста секция ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала іріктеуден өткен тізімін бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстардың тізімі кеңінен қоғамдық талқылау үшін республикалық баспасөз беттерінде жарияланады.
Секция жетекшілеріне екінші кезеңде Комиссия отырысында айтылған ұсыныстарды, бұқаралық ақпарат құралдарында берілген талқылауларды ескере отырып, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды одан әрі қарау тапсырылды.
2017 жылы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың көлемі 18,6 млн.теңгені құрайды.

Дереккөзі: sc.edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар