Ғылыми жаңалықтар

Қолданбалы химия институтының жетекші ғылыми қызметкері Халықаралық Мацумае қорының грантын жеңіп алды

26.05.2017

4583

Қолданбалы химия институтының жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты Ибатаев Жарқын Әбікенұлы Халықаралық Мацумае қорының грантын жеңіп алды, енді ол Гифу фармацевтикалық университетінде (Жапония) жарты жыл бойы өз ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.
Халықаралық Мацумае қорын көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Мацумае Сигэёси (1901–1991) ұйымдастырған, қор Жапон елі халқының салымдары негізінде қаржыландырылады. Аталмыш қор бүкіл әлем бойынша жас ғалымдарды өз еліне шақырып, Жапонияның жетекші оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Конкурсқа ғылым саласы бойынша белгілі бір жетістікке жеткен, зерттеу жұмыстары алдағы уақытта нәтиже күттіретін және Жапон елімен бірлескен жобалар жүргізу үшін жіберіледі. Бұл ретте Қолданбалы химия институтының халықаралық серіктестігі нәтижесінде Гифу фармацевтикалық университетінің докторлары Масаяоши Ояма және Наохито Абе зерттеу орталықтарын ұсынды.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар