Ғылыми жаңалықтар

Білім министрлігі «Балдәурен» орталығында балалар демалысын ұйымдастыру мәселелеріне арналған семинар өткізді

11.04.2016

5081

ҚР Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылдың 7-8 сәуірі күндері «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2016 жылғы жазғы демалыс кезінде балалар демалысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру мәселелеріне арналған республикалық семинар өткізді.

Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке компаниялардың білім беру басқармаларының, облыстардың және Астана мен Алмат қаласы әкімдігінің өкілдері, балаларды сауықтыру орталықтарының басшылары қатысты.

Семинардың ашылуына ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті басқармасының басшысы Гүлнаш Қошқарова мен «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мұхитдин Төлепбай қатысып, алғысөз сөйледі.

Жиынның жалпы отрысында балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру жұмыстарындағы барлық қызметтерді ведомствоаралық ұйлестіру мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысында ұсыныстар әзірленді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар