Ғылыми жаңалықтар

Дуальдi оқыту аясында 500-ге жуық менеджер мен оқытушы шетелде бiлiмiн жетiлдiрді

26.02.2015

4803

Дуальдi оқыту аясында 500-ге жуық менеджер мен оқытушы шетелде бiлiмiн жетiлдiрдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Есенғазы Иманғалиев мәлiм еттi.
"2012-2014 жылдар аралығында 473 менеджер мен ұстаз жетi модульдi бағдарлама бойынша Сингапур, Ұлыбритания, Германия, Аустралия, Финляндия сынды елдерде бiлiм алып келдi. Бұл жұмыс "Кәсiпқор" АҚ арқылы жүзеге асырылды. Ары қарай да осы жұмысты жалғастыра беремiз. Бiз 10 серiктес колледждi анықтаған болатынбыз. Дәл сол оқу орындары жоғарыда айтылған елдерде қызметкерлерiн оқытады", - дедi ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар