Әлемдегі ғылым

Археологиялық нысандарды зерттеу жалғасады

07.06.2022

1538

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері Ақ-Бауырда, Шілікті алқабында және Елеке сазы қорғандарында археологиялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыс әкімі Даниал Ахметов бір топ тарихшы-археологтармен кездесті.


Облыс әкімі ғалымдар Ресей, Өзбекстан, Түркия мұрағаттарынан 15 мың беттік түпнұсқа мәліметтерін жинап, орасан зор жұмыс атқарғанын алға тартады. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталып, үш тілде басылып шығады деп жоспарлануда. Ғалымдар жауынгер-музыкант жерленген қорымдардың бірін қалпына келтіріп, ол жерден сақталып қалған үш аспапты тапқан. Даниал Ахметов халық оркестрінің аспаптарына енгізу үшін сол сияқты аспаптарды жасауды қолға алмақ.


Қазақстан тарихына арналған үш томдық кітаптың редакциясы құрамында тарих ғылымдарының докторлары Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаев бар.


Зерттеушілер жұмысын 2020 жылы Елеке сазы қорымынан алтын қазына тапқан кезде бастаған болатын. Археолог, профессор Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстары барысында 850 алтын бұйым табылған. Олар сақ қоғамы билеушісінің бір салтанатты ат әбзелінің сынықтары болып шыққан. Ғалымдардың пікірінше, қазына Орта сақ дәуіріне – біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырларға жатады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар