Әлемдегі ғылым

Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы вакцинаның маңыздылығына тоқталды

02.09.2021

2407

Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында коронавирусқа қарсы вакцина алудың маңыздылығын ескертті. Коронавирустың еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынаққа айналғанын, сондай-ақ әлі де болса беті қайтпай тұрған бұл дерттің адам өмірін жалмап жатқанын тілге тиек етті.

Сондықтан, Президент екпе алуға қарсылық білдіріп, онысымен қоймай, өзгені де кері үгіттеп жүрген адамдардың жетегінде кетпеуге шақырды. Бұған дейін де біршама қауіпті дертті адамзаттың вакцина арқылы жеңгені белгілі.

Қазіргі таңда отандық QazVac вакцинасына қызығушылық танытып отырған елдер де жоқ емес. Себебі, Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина дайындаған саусақпен санарлық елдердің бірі. Мамандар әлі де болса коронавирустың жаңа штаммдарының пайда болатынын айтуда.

Оның алдын алу шараларын күшейту мақсатында Мемлекет басшысы «бустерлік вакцинаны» сатып алу маңыздылығына тоқталып, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажеттігін ескертті. Бұған қоса еліміздің денсаулық сақтау саласына екпе алу жүйесін дайындауды, еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құруды тапсырды.

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар