Өзектi

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМ КОНГРЕСІ

28.10.2019

3878

2019 жылдың 10-13 қазан күндері «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының доценттері Б. Абзалбекұлы мен Г. Джумабекова Измир қаласында

(Турция) өткен V Халықаралық «Былғары инженерингі конгресіне» қатысып, ғылыми жұмыстарын таныстырды.

Конгреске Индия, Рессей, Германия, Монголия, Кения, Бангладеш, Литва және т.б. мемлекеттердің ғалымдары қатысып ғылыми жұмыстарын таныстырды. Конгресті Эге университеті және былғары өнімдерін өндіруші бизнес өкілдері ұйымдастырды.

Турция былғары бұйымдарын экпорттаудан әлемдегі мемлекеттер арасында 4 орынды алып, жылына 15 млрд долларды құрайды.

Конгресте ғалымдар былғары бұйымдары өндірісі мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, ауқымды жобаларды бірге жасауға мүмкіндік берді. Жұмыс барысында конгреске қатысушылармен Erasmus+ программасы бойынша Халықаралық «Leathub» жобасын бірге атқаруға арналған ғылыми жұмыстардың тақырыптары талқыланды.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар