Өзектi

Ғылыми ауқымды ғарыштық технологиялар әзірленді

05.09.2018

5188

«Заманауи ақпараттық технологиялар негізінде ғарыштық кеңістікті зерттеу және мониторинг әдістерін дамыту» бағдарламасының зерттеу нәтижесі («Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ) мынадай:
- ғылымиауқымды ғарыштық технологияларды әзірлеу – Сейферт галактикасына арналған оптикалық диапазондағы үздіксіздік айнымалылығын зерттеу әдісі, рентгенді құрауыштармен қос жұлдыздық жүйені физикалық және спектрлі сипаттау өзгерістерінің статистикалық заңдылықтарын анықтау.
Ұзақ уақыт аралығында «ӘҒО-УФ» бақылау бағдарламасына қосылған белсенді ядролық галактиканың айнымалылығына қорытынды талдау жүргізілді. Белсенді ядро галактикасының эволюциялық сандық үлгісін дамыту перспективасы мен нәтижесі алынды. Дисперсиялық гравитациялық линзалардағы жарықтың таралу сипаттамасы анықталды;
- көп жылдық мәліметтер бойынша геостационарлық орбитадағы жоғарғы энергия электрондарының ағынынің өзгеруіне тығыз байланысты планетааралық кеңістік пен жақын ғарыш параметрлері анықталды;
- түнгі F-аумағы динамикасы мен ионосфераның жаздық ауытқуының пайда болуы кезіндегі жел ағыны және плазмосфералық ағынды зерттеді;
- метеорологиялық факторлардың жылу нейтрондары мен мезосфера параметрлеріне әсерін зерттеу;
- геофизикалық параметрлердің үздіксіз мониторингін жасау және жер бетінен ионосфералық биіктікке дейін ауытқудың әртүрлі типтері өтуін зерттеу.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар