Өзектi

Транзитті дәліз құрылысы туризмді дамытпақ

16.08.2018

5116

«2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан аумағынан өтетін еуразиялық транзиттің мүмкін болатын максималды ғылыми-техникалық негіздемесі» (Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы) зерттеуінің нәтижесінде:
- «Ляньюньган порты – Қарғос және Достық – Ақтау порты – «Евразия» каналы – Ресейдің қара теңіз порты» мультимодальді транзитті дәлізінің құрылысына байланысты қауіп-қатерлер анықталып, бағаланды. Ресей және қытай ғалымдарымен бірлесіп аталмыш мультимодальді транзитті дәліздің қазіргі көлік маршруттары мен дәліздерінің оңтайлы байланыстары дәлелденді. «Ляньюньган порты – Қарғос және Достық – Ақтау порты – «Евразия» каналы – Ресейдің қара теңіз порты» мультимодальді транзитті дәлізіне демалыс орындары мен туризмді дамыту үшін баға берілді;
- Қазақстан территориясы арқылы өтетін еуразиялық транзиттің әлдеқайда тиімді нұсқаларының құрылысы туралы ғылыми-дәлелденген ұсыныстар әзірленді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар