Өзектi

Бидай сабағы мен қамыстан қағаз бен картон алу технологиясы әзірленді

12.04.2018

5420

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымы, т.ғ.к. Ә.Сейтмағзимов Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шөп пен қалдықтарды эколологиялық таза тәсілмен өңдеу арқылы целлюлоза мен бағалы шикізат алудың әдісін ұсынды.
Бу-жарылғыш катализ әдісімен бидайдың сабаны мен қамыстан целлюлоза және қағаз алу – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өңдеудің қауіпсіз экологиялық технологиясы болып отыр. Зерттеу нәтижесінде қағаз бен картонның үлгілері алынды, ГОСТ талаптарына жауап беретін бидай сабанынан алынған картонның қаттылығы анықталды.
Зерттеу қорытындысы бойынша бидай сабаны мен қамыстан целлюлоза алуға арналған тәжірибелік-өнеркәсіптік бу-жарылғыш қондырғысын жобалаудың бастапқы деректері әзірленді.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 10 мақала жарық көрді, оның 3-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған және 1 қорғалған құжаты (ҚР Патенті) бар.
Ломоносов Солтүстік Арктикалық федералды университетінің (САФУ) арнайы мамандандырылған инновациялық-технологиялық орталығында целлюлоза сынақтан өтті.
Ауыл шаруашылығының қалдық шикізаттарынан қағаз бен картон шығару – қоршаған ортаны ластауды азаяды. Әзірленген технология бойынша тез қалпына келетін қазақстандық шикізат – сүрегі жоқ бір жылдық өсімдіктер негізінде меншікті қазақстандық өндіріс құруға болады. бұл өз кезегінде республикамыздағы қағазға деген тапшылықты жор еді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар