Өзектi

Инновациялық жасушалы технологияны қолдану арқылы адам өмірін ұзатуға болады

20.02.2018

5223

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының профессоры, м.ғ.д. А.Қ. Байгенжин инновациялық жасушалы технологияны қолдану арқылы қызметі жойылған ағзалар мен жүйелердің қызметін қалпына келтірілетін және толықтырушы ем әдістері жетілдірілді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында адамның бас сүйек кемігінен оқшауланған аутологиялық бағаналық жасушаларды бөліп алу, өсіру және фенотиптеу жасалды. Бағаналық жасуша түрлерінің анеуплоидия деңгейін анықтау және кариотиптеу, шашыратылған коллагенді матрикс аясында өткізгіштік саңыраулық адамның фибробластын қолдану тәжірибе жүзінде дәлелденді. Жасушалы технологияны қолдану арқылы аралас кардиомопатияны, қант диабетін, аутоиммундық бірітіргіш ұлпалар ауруы, аяқтың қан тамырлары патологиясы, көп ағзалық жетіспеушілік синдромын емдеу үшін адамның бас сүйек кемігінен нейроциттер мен ретиноциттердің түрлері алынды.
Зерттеу тақырыбы бойынша 2015-2017 жылдар аралығында 78 жарияланым жарияланған, оның 39-ы шетелдік басылымдарда жарық көрген. Жоба бойынша 3 монография, 3 әдістемелік нұсқаулық шыққан.
Жасушалы материалды жинау, бөлу және тасымалдау «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-ның жасушалық технология және транслпанттау орталығы зертханасында асептикалық жағдайда сынақтан өтті.
Жоба аясында созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қан диабетінің созылмалы жарасын емдеу, нейросенсорлық есту мүкістігі және бұлшықет әлсіздігі бар науқастарды кешенді емдеу жүргізілді және оның мақсаты – сауықтыру және науқастарды әлеуметтік қолдау.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар