Өзектi

Аз инвазивті жедел техниканы қолдану арқылы жамбас сүйегі жарақатын кешенді емдеу әдісі табылды

23.01.2018

5712

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының профессоры, м.ғ.д. Н.Д. Бәтпенов жасба сүйегі бірнеше жерден жарақаттанған 56 емделушіні зерттеу арқылы кешенді емдеу әдісін тапты деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеуге қатысқан емделушілердің жамбас сүйектерінің бірнеше немесе қосарлас жарақаттануы кезінде көрсетілетін алғашқы көмектің алгоритмі жасалды. Емделушілерге жасалған диагностикалық және емдік алгоритмдері диагностикалық қателіктер мен емдеу уақытын азайтуды, емдеу нәтижелерінің жақсаруына мүмкіндік берді. Зерттеу барысында политравмамен зардап шегетін емделушінің жағдайының ауырлығы мен алған жарақатының ауырлығының баллдық бағасын ескере отырып, жамбас сүйектері мен жамбасқа жалғасқан аяқт сүйегі жарақаттанғанда оны екі кезеңдік хирургиялық емдеудің рационалды тактикасы қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде аз инвазивті жедел техниканы қолдану арқылы диагностикалық қателіктерді азайтып, емдеудің оң нәтижелер санын 75%-дан 89%-ға дейін арттыруға болатындығы дәлелденді.
Жоба бойынша 21 мақала жарық көрсе, оның 7-еуі шетелдік басылымдарда жарияланған. Зерттеу нәтижесі Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының (ТОҒЗИ) №2 травматология бөліміне тәжірибеге енгізілді. Бұл тәсіл ең алдымен емделушілерді оңалту және әлеуметтік қолдау көрсетудің бірден-бір жолы болып саналады.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар