Өзектi

Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институтының ғалымдары жаңа полифункционалды материалдар алудың технологиясы жасалды

22.01.2018

5099

Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институтының профессоры Ш.Б. Қасенов микро- және оптоэлектроникаға, сілтілік жер металдарға қажетті перспективалық материалдардың жаңа наноқұрылымын анықтады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында 293-483 К интервалындағы наноқұрылымды электр кедергісі LаMg2CuMnO6, LаCa2CuMnO6, LаSr2CuMnO6, LаBa2CuMnO6, NdMg2CuMnO6, NdCa2CuMnO6, NdSr2CuMnO6 және NdBa2CuMnO6 диэлектрикалық өткізгіштігі, электрсыйымдылығының температуралық тәуелділігі өлшенді.
Зерттеу нәтижесінде 8 купрат-манганитті лантанның зертханалық тәжірибе негізінде 8 үлгісі және сілтілік жер металдардың паспорттық мәліметтері (рентгенографиялық, калориметрикалық және электрофизикалық) алынды. Зерттеу қорытындысы Майкаинзолото комбинатының зертханасында тәжірибеден өтті.
2013-2015 жылдар аралығындағы зерттеу бойынша 51 мақала жарыққа шыққан, соның ішінде 3-еуі рейтингі жоғары, Халықаралық мәліметтер базасындағы «ChemWeb.com» және Халықаралық ақпараттық жүйедегі «Springer», «Scopus» базаларында жарияланған.
Алынған нәтижелер бағалы электрофизикалық қасиеттерге ие синтездерді біріктіру технологиясын жасау үшін қолданылады. Мұндай зерттеу алғаш рет өткізіліп отыр және жаңа тәсіл болып саналады, баламасы жоқ.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар