Өзектi

Жол құрылысы жұмыстарын жеңілдететін асфальт-бетон қоспасы жасалды

18.01.2018

4708

Беке кен орнында мұнай битумын қайта өңдеу және өндіру кезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік аумақ құрылды деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. Зерттеуді жүргізген Жану мәселелері институтының ғалымы х.ғ.к. Б.К. Тулеутаев.
Маңғыстау облысы Беке-таспас және Атырау облысындағы Мұнайлы-Мола мұнай кен орнындағы мұнай битумдарының түрлері зерттелді. Аталған кен орындарындағы мұнай битумдарының органикалық бөліктерін тотықтыру арқылы жол құрылысына қажетті битумдарын алу мүмкіндіктері қарастырылған. Мұнайлы-Мола кен орынындағы мұнай битумы түрлерінің органикалық бөлігі Беке-Таспас кен орынындағы мұнай битумы түрлеріне қарағанда шикізат ретінде сапасы әлдеқайда жоғары екенін көрсетті. Мұнай битумдарын жол құрылысы кезінде қолдану өнеркәсіптік өндірістегі мұнай жол битумдарына деген тапшылықты жоятыны көрсетілді.
Зерттеу бойынша осыған дейін 10 мақала жарық көрсе, оның 2-еу шетелдік басылымдарда жарияланған.
Асфальт-бетон қоспасы Алматы қаласындағы «Асфальтобетон 1» зертханасында сынақтан өткізілді және өнеркәсіптік аумақта тәжірибелік жол жасалды. Оның ұзындығы 20 м, ені 5 м, қалыңдығы 6 см болды.
Мұнай битомдарын қол құрылысы кезінде пайдалану өенркәсіптік өндірістегі мұнай жол битумдарына жұмсалатын шығынды азайтады, тіпті көп жағдайда оны мүлдем қолданбауға да болады. сонымен қатар құрылыс кезінде қоспа дайындауға қажет құмның шығынын азайтады, жол төсемінің техника-эксплуатациялық көрсеткіштерін жақсартады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар