Өзектi

Минералды шикізаттардан термодинамикалық әдіспен уран алудың тәсілі ұсынылды

11.01.2018

4272

Минералдық шикізаттардан дәстүрлі емес термодинамикалық әдіспен уран, алтын және сирек кездесетін металдарды бөліп алатын реагенттер зерттелді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. Жобаны жасаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-химиялық әдістерді талдау және зерттеу орталығының профессоры, х.ғ.д. Х.К.Оспанов.
Экологиялық тұрғыдан таза және арзан реагенттер сульфидтер ерітіндісінде термодинамикалық тұрақтылық көрсетеді. Бұл өз кезегінде уранды және құрамында алтыны бар шикізатты қайта өңдеу жағдайында ерітіндіні сұраптап таңдауға мүмкіндік береді.
Жоба бойынша 6 мақала жарияланған, сонымен қатар 1 монография, 1 оқулық жарық өрген және АҚШ-тың 2 халықаралық патентін иеленген. Зерттеу нәтижелері «Майкаинзолото» комбинатында зертханалық сынақтан өтікізілген.
Қиын еритін минералдық шикізаттардан уран, алтын және сирек кездесетін металдарды алуда сандық және сапалық болжам бойынша әлемдік тәжірибеде баламасы жоқ. Ұсынылған әдіс бәсекеге қабілетті әрі қиын деген физика-химиялық үдерістерді ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар