Өзектi

Эксплуатация кезінде тау жыныстарын сандық модельдеу арқылы басқару технологиясы жасалды

09.01.2018

4423

Жер асты тау-кен жұмыстары үшін кернеулі-деформацияланған күйдегі тау жыныстарын сандық модельдеу жүргізілді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Жоба Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті, т.ғ.к. М.Б.Баизбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Қиын жағдайларда тазалау және дайындық жұмыстары кезінде көмір қыртысын тау-кен техникалық жағдайда қайта өңдеу инновациялық технологиясын өнеркәсіптік қалыптастырдың бағдарламалық өнімдері мен математикалық үлгілері жасалды. Тереңдегі көлденең жазықтықтағы көмір шахталарында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі геомеханикалық басқару тәсілдері әзірленді.
Қанатты анкерді (қаланған тастарды ұстастыратын темір) қолдану арқылы тау-кен өндірісін жүргізу кезінде екі деңгейлі технологияны «АрселорМиттал Темиртау» АҚ шахталарына енгізілді.
Зерттеу бойынша 35 мақала жарық көрді, оның 14-і шетелдік басылымдарда жарық көрген және ҚР 10 патентін иеленген.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар