Өзектi

2017 жылдың қажетсіз құрылғысын білесіз бе?

08.01.2018

4641

Жақында халықаралық сарапшылар жиналып, 2017 жылы өнертапқыштар ойлап тапқан ең қажетсіз құрылғыны анықтады.


Сонымен 2017 жылдың ең қажетсіз құрылғысы деген атаққа 700 доллар тұратын Juicero деп аталатын шырын сығатын құрылғы ие болды. Шындығында бұл құрылғы жемістерден шырынды сығып шығаруға арналмаған. Ол Juicero компаниясы өнідіретін жеміс-жейдек қоймалжыңдарын пакеттен сығып шығаруға бағытталыпты. Күнделікті өмірде полителен пакетке салынған қоймалжыңдарды қолменен-ақ сығып алуға болатынын ескірген сарапшылар бұл құрылғыны 2017 жылдың ең қажетсіз құрылғысы деп таныды.
Осы бір қажетсіз құрылғыны өндірістік деңгейде шығару үшін 118 млн. доллар жұмсалған. Wi-Fi жүйесін қабылдайтын құрылғы басқару үшін арнайы қосымша жасалыпты. Өкінішке орай қыруар қаржы жұмсалған бұл шырын сыққыш көпшіліктің қажетіне жарамапты.
Сол сияқты ешқандай сатушысыз жұмыс істейтін шағын Bodega дүңгіршегі де жұртшылықтың көңілінен шықпағаны мәлім болды. Банк карталары бойынша жұмыс істейтін Bodega дүңгіршегін де үлкен жаңалық деп айтуға келмейді.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар