Өзектi

«ҰМҒТСО» АҚ-ы ұжымы бір топ білікті қызметкерлерін құрметті демалысқа шығарып салды

04.01.2018

4224

«ҰМҒТСО» АҚ-ы ұжымы зейнеттік жасқа аяқ басқан бір топ білікті қызметкерлерін құрметті демалысқа үлкен қошаметпен шығарып салды.
Шара барысында орталық президенті Әділ Ыбыраев құрметті демалысқа шыққан қызметкерлердің арасында ұзақ жыл жұмыс істеп, орталықтың дамуына өлшеусіз үлес қосқан кәсіби мамандардың бар екенін айтты. Сондай-ақ, ол алдыңғы буын жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, орталықтың дамуына бар күш-жігерлерін жұмсағаны үшін ризашылығын білдірді. Бұдан кейін орталық басшылығы құрметті демалысқа шыққан әріптестеріне Алғыс хаттарды табыс етіп, ізеттілік көрсетті.


«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар