Өзектi

Қуаты күшті экскаваторлық-автомобильдік кешендерді пайдаланып үйінді түзілімдерді өңдеудің тиімді технологиясы әзірленді

05.12.2017

4640

Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры, т.ғ.д. С.К. Молдабаев терең карьералардағы үйінді түзілімдерді қуаты күшті экскаваторлық-автомобильдік кешендерді пайдаланып өңдеудің тиімді технологиясын ұсынды.
Зерттеу барысында негізгі көрсеткіштер бойынша карьера типтері бөлініп алынды және солардың ішінде эксплуатация кезінде ішкі үйінді түзілімдерге пайдалы өндіру жолдары көрсетілді. Нәтижесінде экскаваторлық-автомобильдік кешендерді қолданып өте тереңге дейін тік құлама кен орындарды тиімді өңдеу технологиясы әзірленді.
Жоба бойынша 28 мақала жарық көрген, оның 14-і (9-ы Tomson Reuters, Scopus, Springer базаларында индекстелген нөлдік импакт-факторы бар) шетелдік журналдарда жарияланған және ҚР 3 патенті бар.
Әзірленген технология мен әдіснаманы жүзеге асыруды жобалық-консалтингтік «Антал» фирмасы қолға алса, «Ломоносовское» ЖШС сараптамалық тұжырым жасап оң бағасын берген.
Жоба экономикалық және экологиялық тұрғыдан да тиімді болып отыр. Ол материалдық қажеттіліктерді азайтып, жер алқаптарын сақтап қалуға және ашық кеніштерде пайдалы қазбаларды қазып алу кезінде экологиялық ахуалды жақсартуға көмектеседі.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар