Өзектi

Жел турбинасының үшбұрышты пішіндегі тәжірибелік үлгілері жасалды

22.11.2017

4782

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымы К. Құсайынов аз жылдамдықтағы жел кезінде таяқшаларының беті өз пішінін динамикалық түрде өзгертетін жел турбинасын ойлап тапты.
Нәтижесінде 3-5 м/с жел ағыны жылдамдығында тиімді жұмыс істейтін инновациялық жел энергетикасы қондырғысы құрылды. Қондырғы негізінде жел турбинасы қалақшаларының беті өз пішінін динамикалық түрде ауыстырып отырады. Жел турбинасы қалақшаларының аэродинамикалық көрсеткіштерге талаптары төмен болғандықтан, оны жеңілдетілген технология арқылы арзан материалдардан жасайды. Қалақшалардың көлемінің шағын болуы аз шығын жұмсай отырып жел турбиналарының жұмысын түзеп, оны жаңғыртуды жүзеге асырып, жел турбиналарының жаңа деңгейге көтеріліуіне ықпал етпек.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар