Өзектi

Темірхан Бижігітов А. Байтұрсынов атындағы Алтын медальмен марапатталды

22.05.2017

5282

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Физика-математика факультетінің деканы Темірхан Бижігітов еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, новаторлық ұсыныстары және жаңа мамандарды дайындаудағы инновациялық істері үшін А. Байтұрсынов атындағы алтын медальмен марапатталды.

Бұл марапат 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының шешімімен еліміздің жоғары білім беру жүйесіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға, іргелі зерттеу еңбектері мен оқу құралдарының авторларына беріледі.
Үміткерлікке жоғары оқу орнының ректоры, Ғылыми кеңесі немесе автордың өзін-өзі ұсына алады. Білікті ғалымдардан құралған арнайы комиссияның шешімімен анықталған марапатты ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов табыстайды.
Атап айтқанда, А. Байтұрсынов атындағы алтын медальмен бұған дейін экономика ғылымдарының докторы, академик Кенжеғали Сағадиев, химия ғылымдарының докторы, академик Ережеп Мәмбетқазиев, экономика ғылымдарының докторы, академик Айтқали Нұрсейіт, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Төлеген Қожамқұлов, техника ғылымдарының докторы, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Бақытжан Жұмағұлов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жания Әубәкірова сынды белгілі азаматтар марапатталды.
Ал, күміс медальға ие болғандар қатарында экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арын, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, техника ғылымдарының докторы, академик Досым Сүлеев болса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова және тағы басқа да отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар қола медальға лайық деп танылды.


Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар