Таяуда Қарағандыда дәстүрлі ІІІ “RoboLand-2017” Халықаралық робототехника фестивалі өтті. Оған Қазақстан мен Ресейден барлығы 800 жас робот құрастырушы қатысты. 2015 жылы үздік робототехник атағы үшін бар болғаны 40 команда таласса, биыл олардың саны бірден 10 есеге артып, 400 командаға дейін жеткен.
Фестивальдің ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келді. Өз сөзінде ол Қарағанды облысының робототехниканың дамуы бойынша ел көлемінде бірінші орында келе жатқаны туралы айтты.
.jpg)
2014 жылы облыста робот жасаумен айналысатын 42 зертхана ашылса, биыл өңірдің 250 мектебі осындай зертханалармен жабдықталмақшы.
Инновациялық бағыттағы мектепте бірнеше пәнді қамтылған. Олар – математика, физика, информатика, сызу, технология және тағы басқа. Әр зертханада тұтастай құрал-жабдықтар кешені бар. Атап айтқанда – 3D-принтерлер, Lego EV3 10 комплектісінің жиынтығы, Arduino, Raspberry Pi жиынтықтары, 3D-прототип жасауға арналған бағдарламалар.
– Бүгінгі таңда робототехника – білім беру ісіндегі басты бағыттардың бірі. Азияның кейбір елдерінде робототехника сабағын күн сайын бес миллион оқушы қатысады. Біз үшін де мектептерде робот техникасын үйрету – негізгі міндеттердің бірі. Әлемнің басқа елдерінен қалмауымыз керек. 2016 жылы жергілікті бюджеттің және демеушілік қолдаудың арқасында 400 робототехника сыныбы жабдықталған. Қосымша сабақ 20 мың баланы қамтыған. Биыл олардың санын екі есеге арттырмақпыз, – деді Ерлан Сағадиев.
.jpg)
Жас өнертапқыштар 24 номинация бойынша бақ сынасты. Олар су роботтарының сайысы, автономды футболшы роботтар және билейтін антропоморфты роботтар турнирі, 3D-прототип жасау сайысы, боттарды бағдарламалау, виртуалды әлем құру мен дәстүрлі сайыстар: лабиринттер, механикалық және интеллектуалдық сумо, кегельринг, квадрокоптерларды басқару, экороботтар сайысы, сызықпен жүру, сумо, пазлдар, лабиринт және тағы басқа.
Фестиваль қонақтарына заманауи робототехника өнімдерінің көрмесі ұсынылды, яғни Lego Education, Arduino робототехникалық жиынтығы, 3D-принтерлер, антропоморфты жұмыстар, квадрокоптерлер және басқа да көптеген өнімдер. Санкт-Петербор мен Гонконгтан шақырылған тренерлер Қарағанды облысындағы робототехника курсының оқытушыларына арнап семинарлар және шеберлік сабақтарын өткізді.
.jpg)