Өзектi

Шығыс Қазақстанда сирек металдан медицналық өнім алудың ғылыми жобалары іске асырыла бастады

28.04.2017

5008

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысында инновациялық экономика құру үшін ондаған ғылыми жобаларды қолға алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Шығыс Қазақстан облысы Мемлекетік университеті ғалымдарымен және аймақтағы жетекші өндіріс орындарымен бірлесіп, маңызды төрт бірдей Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) іске асырып жатқандарын тілге тиек етті.
– Біздер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын басшылыққа алып, Шығыс Қазақстандағы өндіріс ошақтарын технологиялық жаңғырту ісіне айрықша көңіл бөлудеміз. Қазіргі таңда төрт ҒЗТКЖ іске асуда. Бұл іске «Қазмырыш», «Востокыветмет» және «Өскемен титан-магинй зауыты» сынды жетекші кәсіпорындар атсалысуда. Қазіргі таңда әлемде өндірілетін титаның 25 пайызы Шығыс Қазақстан облысының үлесінде. Сол сияқты сирек кездесетін танталдың әлем бойынша 22 пайызы біздің облысымызда өндіріледі. Күні бүгінге дейін өндірілген танталдың 45 пайызы ферроқорытпа, яғни, металургия саласына пайдаланылып келді. Соңғы уақыттар танталды медицина саласында кеңінен қолданылып жүргені белгілі. Өйткені тантал адам ағзасына жақын бірден-бір метал болып тұр. Тантал ортепдия саласының көкжиегін барынша кеңейте түсті. Жоғарыда атап өткен төрт ғылыми зерттеу жұмысының бірі осы өңірімізде өндірілген танталды медициналық бағытта дамытуды көздейді. Танталды медицина саласында пайдалану оның өнімділігін арттырып, бірнеше есе артық табыс табуға мүмкіндік туғызда. Осылайша біздер ғылым мен инновацияға арқа сүйеген өндіріс ошақтарын құрып, жаңғыртуға күш салып жатқан жайымыз бар, – деген облыс әкімі ғылым мен өндірістің арасын жақындататын нақты жұмыстарды іске асырып жатқандарын тілге тиек етті.
Әңгіме барысында Даниал Ахметов бүгінде әлемдік ғарыш, авиақұрылыс саласында кеңінен қолданылып жүрген титан металын стоматология саласында қолдануға қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын қолға алғандарын журналистер қауымына жеткізді.
Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан ғалымдары қолға алған ғылыми жұмыстары табысты іске асқан жағдайда Қазақстанның стоматологтары тіс салуға қажетті металды Оңтүстік Кореядан қымбат бағаға сатып алмай, іргедегі Өскеменнен алдыра бастайтын күн де алыс емес.
Облыс әкімінің ой-пайымын мұқият тыңдағанымызда атом саласы бойынша шамдан тыс сым дайындау ісі де қолға алынғанынан білдік. Магниттік өріс туғызатын мұндай сымдар компьютерлі томография мен МРТ құрылғыларын жасауға қолданылады.
Өз кезегінде Даниал Ахметов қолға алынып жатқан ғылыми жобалар арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті өнім алуды көздеп отырғанын айтты. Нысаналы ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруға 3 млрд. теңге бөлініпті. Осы ретте өндіріс пен ғылымның арасын жақындатып, бәсекеге қабілетті өндіріс құруға бағытталған мұндай жоба ең алғаш Шығыс Қазақстан облысында қолға алынғанын айта кетуіміз керек.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар