Өзектi

Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ҒЗИ дайындаған биопрепараттарды жылыжай ісімен айналысатын шаруалар сатып алуда

27.04.2017

5402

Ж.Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ҒЗИ сырт елдерден көптеген биопрепарттарды әкеліп, аграрлық салаға қатысты заманауи технологияларды трансферменттеп еліміздің жер жағдайына бейімдеп жатыр, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Бұл бағыттағы жұмыстар турасында Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ҒЗИ Бас директоры Абай Сағитов айтып берді.
– Көпшілік биопрепараттарды қандай да бір химиялық тыңайтқыш деп ойлауы мүмкін. Ол ешқандай дәрі емес. Олар бунақты денелер, тірі организмдер. Егер зиянкес өсімдікті зақымдаса, біздің өсіріп отырған биопрепарттарды жіберсеңіз, биопрепараттар зиянкестерді жеп, көзін жояды. Өсімдікке тиіспейді. Тек қана зиянкестерді тауып, жейді. Ешқандай химиялық улы зат жоқ, – дейді ҒЗИ басшысы.


Бүгінде институт жанындағы шағын биофабрикада ғалымдар 12 түрлі биопрепаратты өсіріп жатыр. Биопрепарттарды еліміздегі жылыжай ісімен айналысатын шаруалар сатып алып жатқанын білдік. Бұған дейін шаруалар сырт елдердің биопрепараттарын сатып алып келсе, енді алсқа бармай-ақ, өзімізден қажетті биопрепараттарды сатып алатын мүмкіндікке ие болуда. Ж.Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ҒЗИ ғалымдары дайындаған өнім шетелдік өніммен салыстырған анғұрлым арзан. Мамандардың айтуынша, қазақ ғалымдарының дайындаған биопрепараттары 30 пайызға дейін арзан екен. Оның үстіне сырт елдерден келген биопрепарттардың 70 пайызы аталық болып келеді. Оларды жылыжайға жібергеннен кейін өсіп-өнбейді. Отандық өнім бір аптаның ішінде өз нәтижесін көрсетіп, тиімділігін дәлелдепті.


– Биопрепарттар органикалық азық-түлік өнімдерін өндірудің қайнар көзі. Сондықтан біздер бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, болашақта ірі шаруашылықтарда биппрепарттар өндіретін шағын зертханалар салып беруді де көздеп отырмыз, – дейді ғылыми мекеме басшысы.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар