Өзектi

Германияда білім алуға шақырды

28.02.2017

5906

2014 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Германияның қолданбалы ғылым университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум Германия мен өзге мемлекеттердің жоғары оқу орындары арасында студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған еді.

Екі жақты меморандум негізінде Хоф атындағы Германияның қолданбалы ғылым университетінен профессор Вольфранг Шротт университетке келді. Вольфранг Шротт «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы», «Дизайн», «Химия», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығында оқитын студент, магистранттармен кездесіп, оларды Германияда білім алуға шақырды. Студенттер мен магистранттарға Германияда оқу үшін ағылшын тілі мен неміс тілін жоғары деңгейде білу талабы қойылған. Білім алмасу бағдарламасында студенттерімен магистранттарға жұмсалатын қаржы, жүріп-тұру, жатақхана, тамақтану шығыны да қарастырылған.
Болашақта осы бағдарлама бойынша оқу бітірген студенттер мен магистранттары қос диплом иеленетін болады. Әрі қиындықсыз Қазақстанда немесе өзге елдегі халықаралық компанияларға жұмысқа тұруға мүмкіндігі мол болмақ.


Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар